Qnet: Қарызға батқандардың қатары сейілмей тұр

- Қоғамның алаңдаушылығын тудырып отырған мәселенің тағы бірі – қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтың қарқын алуы. Республикамыздың барлық өңірінде және әртүрлі форматта алаяқтық жобалар көбейіп барады. Мәселен, Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастырған ағайынды екі азамат 5 жыл мерзімге сотталды.
Олар құрылымдық бөлімшені облыс аумағында 2020-2021 жылдар аралығында құрған. Ағайындылар желілік маркетинг өнімдерін тарату дағдысымен, азаматтардың ақшалай қаражатын тарту үшін үгіт насихат жүргізіп, аталған қаржы пирамидасына 40 салымшыны кіргізіп оларға мүліктік залал келтірген. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында келтірілген шығын салымшыларға толық қайтарылды. Алдағы осы бағыттағы қылмыстарды анықтауға, тергеуге және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдауға баса назар аударатын боламыз,- деді Аслан Кеңесұлы.