Жүйелі мәселелер ұдайы бақылауда

– Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссия ай сайын жергілікті жерде өндірілетін азық-түлік тауарларына (күріш, тұз) бағаны негізсіз көтеру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуші делдалдардың бағасын қадағалайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сату барсындағы үстемесін асыру бойынша екі жылда 31 факті анықталған. Бағаны негізсіз көтергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісім шарттар жасалғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар картоп, сәбіз, қырыққабат секілді 11 тауардың бағасы төмендетілді,- деді Нұрбол Әлкебайұлы.
@Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі