«Қарызсыз қоғам»: жобалық топ отырысы өтті
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша аймақтық жобалық топ отырысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Онда Қызылорда қаласы бойынша жобалық топ кеңсесі жұмысының ұйымдастырылуы, партиялық жобаның ауқымын кеңейту, ақпараттандыру жұмыстары сонымен қатар Ұлттық жобалық кеңсесі хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында өңірде ағымдағы жылы 8000 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге 4000-ға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттыру курсынан өтті. Жоба ел арасында өз тиімділігін көрсетіп отыр.
«Қарызсыз қоғам» жобасын ақпараттандыру бойынша арнайы медиа-жоспар әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жоба жүзеге асқан уақыттан бері әлеуметтік желілерден бөлек, республикалық және жергілікті интернет-ресурстарда, баспа БАҚ беттерінде 130-дан астам материалдар жарияланды.