Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2024 жылы ел экономикасы 5,3% деңгейінде өседі – Үкімет

2024 жылы ел экономикасы 5,3% деңгейінде өседі – Үкімет

Биыл Қазақстан экономикасы кемінде 5,3% деңгейінде өсуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына түсті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың өсімі 5,1% болды.

Негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсетті: құрылыста – 13,3%, саудада – 11,3%, ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%, көлік қызметі – 6,9%, өнеркәсіп – 4,3%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7%-ға өсті. 2023 жылғы 9 айда тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі 19,7 млрд доллар болды. Оның ішінде 11 млрд доллардан аса қаржы шикізаттық емес секторларға бағытталды. Жалпы 2 жыл қатарынан ТШИ көрсеткіштері соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Олардың жылдық көлемі 26-28 млрд доллар деңгейінде.

Қазақстан ТМД елдері арасында шетелдік инвестицияны жалпы ағыны бойынша көш бастап тұр.

Былтыр 11 айда сыртқы сауда айналымы 2,2%-ға өсіп, 126 млрд доллар болды. Оң сауда балансы 16 млрд доллардан асты. Шикізаттық емес экспорт номенклатурасы 141 позицияға өсті.

Қазақстанның халықаралық резервтері 96 млрд доллар болып, оның ішінде Ұлттық қордың активтері 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасының тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады.

Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асырып жатыр. Нәтижесінде былтыр ол 2 есе төмендеп, 9,8% болды.

Биыл инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті қойылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,3%-дан кем болмауға тиіс.

Фото: kzvesti.kz


05 ақпан 2024 ж. 153 0