Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстанға 3,1 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды

Қазақстанға 3,1 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды

2018 жылдың қортындысы бойынша Қазақстанда 27 инвестициялық жоба іске асырылды. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен 2018 жылы елімізде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 3,1 млрд доллар болатын 27 инвестициялық жоба іске асырылып, 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның мониторинг жүйесінде 26 елдің шетелдік инвесторларының қатысуымен жалпы сомасы 40 млрд долларды құрайтын 157 жоба бар. Оларды іске асыру шамамен 45 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлер бөлінісінде жобалардың ең көп саны Алматы облысына тиесілі 4,1 млрд долларды құрайтын 27 жоба. Бірінші бестікке сондай-ақ Қарағанды облысы - 2,1 млрд доллар сомасына 15 жоба; Нұр-Сұлтан қаласы - 4,1 млрд доллар сомасына 12 жоба; Қостанай облысы - 2,2 млрд доллар сомасына 12 жоба және Ақтөбе облысы - 1 млрд доллар сомасына 10 жоба кіреді.

180 жоба бойынша келіссөздер басталған инвесторлардың жеке тізбесі жүргізілуде. 2019 жылы қосымша 27 жобаны іске қосуды қамтамасыз ету және 100-ге жуық жаңа инвесторларды тарту жоспарлануда.

baq.kz
27 наурыз 2019 ж. 725 0