Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау – мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы

Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау – мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы

20.04.2023 ж. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-тарауы 4-параграфына «Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау» 170-179 баптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың:

1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;

3) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (бұданәрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);

4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұданәрі – күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Кодекстің 13-тарауы 5-параграфының 175-179 баптарына сәйкес, егер ҚР заңдарында және ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ҚР азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан – жұмыс істеу ненесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушы төлемді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін өзгертун емесе мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді төлеуді тоқтату үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттікәлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты Кодекстің 177-бабында белгіленген.

Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшінбелгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдері ненемесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті  қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі.

Кодекстің 13-тарауы 6-параграфының 180-182 баптарына сәйкес, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі қарастырылған. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем  алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қайта қаралады.

Кодекстің 13-тарауы 7-параграфының 183-186 баптарына сәйкес, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау тәртібі қарастырылған. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ҚазақстанРеспубликасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалады. Отбасында мүгедектігі бар екі және одан да көп бала тұратын жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді. Туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.

Кодекстің 13-тарауы 8-параграфының 187-189 баптарына сәйкес, күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.

Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады. Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақылар мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне бюджет қаражаты есебінен тағайындалады және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты белгіленеді.


К.СӘРСЕНОВ,
Департамент  өкілі, №2 зейнетақы және
әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің
бас маманы
16 қазан 2023 ж. 202 0