Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 521 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қызылордада 521 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қызылорда облысында 1 қаңтардан бастап отбасының цифрлық картасы арқылы 521 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Еңбек және  әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Отбасының цифрлық картасы – әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті форматта кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

«Қазіргі уақытта «Отбасының цифрлық картасы» арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін рәсімдеуге мүмкіндік береді. Олар жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек», - деді Төреахмет Сайлаубайұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі. Содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады. Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажет.

Сондай-ақ, отбасылық цифрлық қартасы арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты түрде хабарлама беру іске асырылды.
15 наурыз 2023 ж. 207 0