Елімізде арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өседі
Жекелеген санаттағы азаматтар арнайы мемлекеттік жәрдемақы ала алады. Әлеуметтік кодекс енгізілгеннен кейін оның мөлшері өседі. Қай санаттағы азаматтар үшін аталған жәрдемақының мөлшері өседі. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" қолданыстағы заңға сәйкес, арнайы мемлекеттік жәрдемақы 20 санаттың өкілдеріне тағайындалады.
Берілетін төлем мөлшері республикалық бюджет туралы заңда көрсетілгендей, жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері төлем алушының қандай санатқа жататынына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс енгізілгеннен кейін кейбір санаттағы азаматтар көбірек арнайы мемлекеттік жәрдемақы ала бастайды.
Атап айтқанда, бұл төлем мүгедектігі бойынша жасына немесе еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған мүгедектігі бар жандарға беріледі. Бірақ бұл төлем ай сайынғы жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алатындарға қатысы жоқ.
Бұл төлемді алушылар қатарына Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектік зейнетақысын алатын Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жандар да қосылған.
Егер жоғарыда аталған азаматтарда I және II топ мүгедектігі болса, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға 1,49 АЕК (2023 жылы 5 141 теңге) көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Ал 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері 1,71 АЕК-ке (5 900 теңге) дейін көтеріледі. Үшінші топтағы мүгедектер үшін бұл төлем мөлшері бүгінде 0,64 АЕК-ті (2 208 теңге) құраса, алдағы уақытта 0,74 АЕК-ке (2 553 теңге) дейін өседі.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алу шартымен Байқоңыр қаласында тұратын мүгедек балаларға да тағайындалады.
Бала 7 жасқа толмаған жағдайда жәрдемақы мөлшері 0,96 АЕК-ті (3 312 теңге) құрайды.
Ал 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодексте бұл жәрдемақы мөлшері 1,1 АЕК-ке (3 795 теңге) дейін өсетіні туралы жазылған. Бүгінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін төлем мүгедектік тобына байланысты: I және II топтарға – 1,49 АЕК-ті (5 141 теңге),
III топтағылар үшін – 0,96 АЕК-ті (3 312 теңге) құрайды. Алдағы уақытта бұл жәрдемақылар 1,71 АЕК-ке (5 900 теңге) және 1,1 АЕК-ке (3 795 теңге) дейін өседі.
Сондай-ақ бұл жәрдемақы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдарға тағайындалады.
Бүгінде бұл жәрдемақының мөлшері 1,07 АЕК (3 692 теңге). Бірақ 1 шілдеден бастап ол 1,23 АЕК-ті (4 244 теңге) құрайтын болады. Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар да осы соманы талап ете алады.
Әзірге арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы қолданыстағы заңға сәйкес, I топтағы мүгедектігі бар жанды күтетін адамға төленетін жәрдемақы мөлшері 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейін (56 794 теңге) құрайды.
Әлеуметтік кодексте бұл төлем мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік қолдау көрсету бөлімінде көрсетілген. 1 шілдеден бастап жәрдемақы арнайы жәрдемақылар қатарына жатпайтын болады, бірақ бұл оның мөлшеріне еш әсер етпейді, керісінше, тіпті 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейіне (65 313 теңге) дейін өсетіні хабарланған.