Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бөлінген қаражатты игеру қарқыны жоғары

Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бөлінген қаражатты игеру қарқыны жоғары

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бөлінген қаржыны игеру бойынша Қызылорда облысы үздік өңірлер қатарында. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов аталған жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысында хабарлады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жобаны жүзеге асыру барысын баяндады. Сондай-ақ, бірқатар облыс әкімдері атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Үкімет басшысы 2019-2022 жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша мыңнан астам ауылда 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылғанын, сондай-ақ 33 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

«Биыл 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылады. Бөлінген қаржыны игеру қарқыны Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында жақсы», - деді Премьер-министр.

Мұнан бөлек, жиында ауылдық елді мекендерді дамытуға жеке кәсіпкерлерді тартудың үлгілері атап көрсетілді. Мысал ретінде Жаңақорған және Сырдария аудандарында саябақ салуға қаражат бөлген «Азимут» ЖШС мен «Абзал и К» ӨК үлесі туралы айтылды.

Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды барынша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


26 шілде 2023 ж. 487 0