Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында құрылыс секторындағы өсу қарқыны жоғары

Қызылорда облысында құрылыс секторындағы өсу қарқыны жоғары

Қызылорда облысы құрылыс секторындағы жоғары өсу қарқыны бар аймақтар қатарында. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.

«Орындалған құрылыс жұмыстары бойынша Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсім тіркелді. Әсіресе, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары өсімі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды», - деді ведомство басшысы.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы, «Жастар саясатын дамыту» тұжырымдамасы мен «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» жобалары қаралды.

Республикалық штаб отырысынан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов ҚР Премьер-Министрі берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді. Серік Салауатұлы Үкімет басшысының тапсырмаларын мұқият орындап, барлық әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында межелі көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
14 наурыз 2023 ж. 324 0