2023 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылады
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 01.01.2023ж. бастап:
– Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ( бұдан әрі - АЕК) - 3450теңге;
– Ең төменгі зейнетақы- 53076 теңге;
– Базалық зейнетақы төлемі - 24341 теңге;
– Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40567 теңге;
– Ең төменгі жалақы – 70000 теңге мөлшерінде белгіленді.
Осыған байланысты, келесі жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшердің 10,5. пайызға арттырылады.
2022ж. тағайындалатын зейнетақы төлемін есептеу үшін ескерілетін табыстың ең жоғарғы мөлшері 46 АЕК болса, 2023 жылға өзгеріс 55 еселенген АЕК-тен (189750 теңге) аспауға тиіс.
2023ж. бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 61 жасты құрайды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының ұлғаюына байланысты көбейтіледі.
Оның мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 – бабына сәйкес, күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленеді.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, I топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың төлемдері күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.
№1, №2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдемақыларының мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.
Балалар жәрдемақысына қатысты, бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері бірінші-үшінші бала туылғанда 120840 теңге (2022 ж.) болса, 131100 теңге (2023ж.) теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туылғанда 200340 теңгеден 217350 теңгеге артады.
Бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты: бірінші балаға 19872 теңге, екінші балаға 23495 теңге, үшінші балаға 27083 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 30705 теңгені құрайды.
4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады.
Сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға әрбір балаға 4 АЕК мөлшерінде белгіленеді.
Атап айтқанда, 4 баласы бар отбасыларға 55304 теңге , 5 балаға – 69138 теңге, 6 балаға – 82973 теңге, 7 балаға – 96807 теңге, 8 балаға –110400 теңге, 9 балаға – 124200 теңге, 10 балаға – 138000 теңге және әрі қарай, бала санына қарай есептелініп, төленеді.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 12752 мыңнан аса алушыларға зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерін арттыру және 2023ж. қаңтар айының төлем қажеттілігіне енгізу жұмыстары толығымен аяқталды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ Әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі Сырдария аудандық бөлімі
Пікір 1