Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы дүниеге келген.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жөніндегі инспекторы қызметінен бастаған.
2008-2011 ж.ж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;
2011-2013 ж.ж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы;
2013-2017 ж.ж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі;
2017-2019 ж.ж. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2019-2020 ж.ж Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының басшысы;
2020 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Жанмұрат Жақсымұратұлы қаланың экономика, қаржы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы салаларына жетекшілік ететін болады.