Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудит нәтижесі шықты

Аудит нәтижесі шықты

Қызылорда облысы бойынша ішкі  мемлекеттік аудиті департаменті тарапынан Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылдың 14 желтоқсанында аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудит барысында, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы  23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексінің 127-бабының  2-тармағының,  Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1006 «Оқу жаттығу сабақтарын және спорттық іс-шараларға қатысушылардың тамақтану нормаларының шығыстарын белгілеу туралы»  бұйрығының,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Қағидасының  225 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қаулысының  9-тармағы,  ҚР Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының және  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабының талаптары сақталмау салдарынан жалпы 23 200,7 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.

25 наурыз 2022 ж. 389 0