Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жабық теннис корты салынуда

Жабық теннис корты салынуда

Облыста «Нұрсәт» орталығында қосымша 4 жабық теннис кортының құрылыс салынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов баяндады.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы байдарка және каноэ есу базасының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қала және аудандарда 8 жаттығу және стритбол алаңдары пайдалануға берілді.

– Облыста балалар-жасөспірімдер мектептерінің ғимараттары, спорт клубына, спорт алаңдарына ағымдағы, Ж.Бахадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің футбол, волейбол және баскетбол алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңақорған ауданындағы Орталық стадионға және №6 облыстық олимпиаладық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің теңгеріміндегі стадионға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ғимараттар жаңарса спортқа деген қызығушылық артада, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік мол болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз, - деді Жақсылық Оспанов.

Өткен жылы аймақта 4 Қазақстан Республикасының чемпионаты, 2-і халықаралық және 5 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 11 облыстық біріншілік ұйымастырылды. Облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 353 медальді жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 25 медальға қол жеткізді. Олимпиадасын жолдамасын жеңіп алған Дәулет Ниязбеков пен Қамшыбек Қоңқабаев жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

11 қаңтар 2021 ж. 664 0