Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әкімшілік айыппұлға тарту көрсеткіштері

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әкімшілік айыппұлға тарту көрсеткіштері

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізілген аудиторлық іс-шараларының қорытындысымен анықталған қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар негізінде, қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзуы мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы бойынша 2018 жылдың 12 айында аудит объектілеріне қатысты 131 хаттамалар мен қаулылар рәсімделеніп тиісті лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып 12,2 млн. мың теңгеге әкімшілік айыппұлы салынып, бүгінгі күнге оның 11,7 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.   
Оның ішінде:
Департаменттің аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша8,3 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның 7,8 млн. теңгесі өндірілген.
Прокуратура органдарының ұсыныстарымен781,6 мың теңгеге салынған әкімшілік айыппұл толығымен өндірілген.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аудит материалдарына бойынша 2,5 млн. теңгеге салынған әкімшілік айыппұл толығымен өндірілген.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының азаматтық ісі бойынша шығарылған жеке ұйғарымның негізінде 212,4 мың теңгеге салынған әкімшілік айыппұл толығымен өндірілген.
Ішкі мемлекеттік аудит комитеттің материалдарына сәйкес241,0 мың теңгеге салынған әкімшілікайыппұл толығымен өндірілген.
Басқада мемлекеттік органдардың тарапынанДепартаментке жолданған материалдары бойынша 120,3 мың теңгеге салынған әкімшілік айыппұл толығымен өндірілген.
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бөлім басшысы
Р.Ә. Хайдар
29 наурыз 2019 ж. 1 184 0