Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медицина қызметкерлеріне үстемақы беріледі

Медицина қызметкерлеріне үстемақы беріледі

Дүниежүзін дүрбелеңге салған коронавирус өте қауіпті індет.  Елімізде  аталған індетті жұқтырғандар саны күн санап артуда.  Індетпен күресте медицина саласының мамандары  қажырлы еңбек етуде. Қазіргі таңда аймақ бойынша  ақ халатты абзал жандар  вирус жұқтырған адамдарды дер кезінде анықтап, олармен байланыс­та болғандарды бақылауға алуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында медицина  саласының қызметкерлеріне үстемақы беру туралы тапсырма берген болатын.
Бүгінде облыс көлемінде медицина қыз­мет­керлеріне  үстемақы беру бойынша тиісті ша­ралар қабылданды. Бұл ретте  Өңір­лік коммуникациялар қызметінің  фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Қызылорда облысында СОVID-19 короновирусы инфекциясының профилактикасына және таралуының алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерін қаржылық қолдау ұйымдастырылғаны жарияланды. Яғни, 1 тәуекел тобына жататын инфекциялық стационардағы барлығы 33 маман қосымша 5,1 млн теңге, 2 тәуекел тобына жататын провизорлық стационардағы барлығы 177 маман қосымша 36,4 млн теңге, 3 тәуекел тобына жататын карантинды стационардағы барлығы – 156 қызметкер қосымша 12,9 млн теңге үстемақы алады. Барлығы 366 медициналық қызметкерлерге 54,3 млн. тенге төлеу қарыстырлған.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде: «Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері» деп атап өткен болатын. Індетпен күресте медицина мамандары өздеріне артылған жауапкершілікті толықтай сезінеді. Біздің мамандарымыз тәулік бойы қажырлы еңбек етіп, індеттің өршуіне барынша тосқауыл болуда. Мұндай сындарлы сәтте медицина қызметкерлеріне үстемақы беру құптарлық жағдай.  Ақ халатты абзал жандар мемлекет қолдауын сезінуде, – дейді  аудандық арухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Алия Аманжолқызы. 

Балтабай ОРДАБЕКОВ

14 сәуір 2020 ж. 882 0