Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Өз ойыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. Әйтпеген жағдайда өз-өзіңізге қиындық туғызып аласыз. Өзгелердің айтқанына ермегеніңіз дұрыс. Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз.

Торпақ
Бүгін сіздің атқаратын жұмыстарыңыздың біразы қиын болады. Барлығы сіз ойлағандай жүзеге аспайды. Өз ісіңізді асықпай атқарыңыз. Сонда ғана қателіктерге бой алдырмайсыз.

Егіздер
Қарбалас күн. Көп еңбектенесіз, соның арқасында айтарлықтай жетістікке де жетесіз. Күннің екінші жартысында достарыңызбен демалыңыз. Косметикалық бұйымдар пайдаланғанда абай болыңыз.

Шаян
Бүгін жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныстар түседі. Пайдасы жоқ жұмыстарға босқа уақыт шығындамаңыз. Балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Жақындарыңызбен ара-қатынаста сабырлы болыңыз.

Арыстан
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.

Бикеш
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбей, сізге «өзіне тым сенімді» деп баға беруі мүмкін. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.

Таразы
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзге адамдармен араңызда мәселелер туындауы мүмкін. Достарыңызбен де жағдай мәз емес. Эмоцияға берілмегеніңіз жөн. Газды сусындардан бас тартып, еттен жасалған тағамдарды тұтынбаңыз.

Сарышаян
Алыс жолға шықпаңыз. Денсаулығыңызға мән беріңіз. Түстен кейін көңіл-күйіңіз түсіп, аздап шаршайсыз. Үй ішіндегі шаруалардан да шаршап, қаржылық жағдайыңыз қиындай түседі. Уайымға салынбаңыз.

Мерген
Асықпаңыз. Күннің екінші жартысы сіз үшін ауыр болады. Өте керемет күн деп айту қиын. Кейбір адамдар сізге жағымсыз көзқараспен қарауы мүмкін. Жаныңыздағы адамдармен байланысты аздап шектегеніңіз дұрыс. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Тауешкі
Жұмысыңызға қатысты, мамандар мен құрал-жабдықтарға байланысты мәселелерді шешесіз. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз басшылықтың айтқанына қарсы шықпағаныңыз жөн. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Суқұйғыш
Жайлы күн. Басшылық берген тапсырманы жылдам орындайсыз. Күніңіз көңілді өтіп, айналаңызға шуақ шашасыз. Күніңізді отбасыңызға арнаңыз. Балаларыңызға көп көңіл бөліңіз.

Балықтар
Жұмысқа қатысты ұсыныс түсуі мүмкін. Қабыл алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Себебі бұл ұсыныс сізге пайда әкелмейді. Барлығы жақсы деп ойлағаныңызбен, әріптестеріңізбен немесе басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Абай болыңыз.

kyzylorda-news.kz

15 мамыр 2019 ж. 866 0