Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Күніңіз аса ауыр емес. Жоспарларыңыз іске аспаса да, сіз қиналған сыңай танытпайсыз. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысу оңайға түседі. Ескі достарыңызбен және жаңа таныс адамдармен әңгімелесу жаныңызға шуақ сыйлайды

Торпақ
Жұмысқа қатысты сұрақтарға жауап іздеуге қолайлы күн. Сіз өте мұқият адамсыз. Сондықтан жағдайдың даму барысын дәлме-дәл айтып отырасыз. Бүгін құрған жоспарларыңыз жақын арада жүзеге асады. Жаңа жұмыстар пайда болады. Қиын болса да, сіз оларды орындай аласыз.

Егіздер
Бүгін сіз өзіңізге және өзгелерге пайдалы іс жасайсыз. Қиын тапсырмаларды орындап, бұрыннан ойға алған істерді жүзеге асырасыз. Жұмыстың барлығы бірдей оңай болмасы анық, бірақ сол жұмыстың нәтижесі сізді қуантатын болады. Бүгін сізді жаңа таныстықтар күтіп тұр.

Шаян
Өзіңіздің идеяларыңызбен және жоспарларыңызбен бөлісіңіз. Лауазымды тұлғалардан көмек аласыз. Солардың арқасында мол табысқа жетесіз. Өз ұстанымдарыңыздан таймауға, алға қарай ұмтылуға кедергі келтірген ішкі кедергілерді жоюға тырысыңыз. Жұмысты бар ынтаңызбен атқарыңыз, сонда ғана кез келген мәселені шеше аласыз.

Арыстан
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Ол жақсы көзқараспен қарағанын қаласаңыз, аянбай еңбек етіңіз. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.

Бикеш
Жұмысыңызға қатысты, мамандар мен құрал-жабдықтарға байланысты мәселелерді шешесіз. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз басшылықтың айтқанына қарсы шықпағаныңыз жөн. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Айналаңыздағы адамдарға сақ болыңыз.  

Таразы
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбей, сізге «өзіне тым сенімді» деп баға беруі мүмкін. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.

Сарышаян
Қарбалас күн. Шыдамсызсыз, кейде ашушаң боласыз. Сізбен бірігіп жұмыс жасау қиынға соғады. Кейде жақын адамдарыңыздың өзі сізбен қалай байланыс орнату қажет екенін түсінбей әлек болады. Бұрынғы қателіктерді қалыпқа келтіруге мүмкіндік туып тұр.

Мерген
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзге адамдармен араңызда мәселелер туындауы мүмкін. Достарыңызбен де жағдай мәз емес. Эмоцияға берілмегеніңіз жөн. Ішімдіктен бойды аулақ ұстап, еттен жасалған тағамдарды тұтынбаңыз. Серіктестермен қиын мәселені талқылап, оның оң шешімін табасыздар.

Тауешкі
Тыныш күн. Тәуекелге бел байламай, бірқалыппен жүргеніңіз дұрыс. Көп еңбекті қажет ететін шаруаларды кейінге қалдырыңыз. Ал дәл қазіргі уақытта жеңіл жұмыстармен айналысқаныңыз жөн. Өзгелерден бұрын маңызды ақпаратқа қол жеткізесіз.

Суқұйғыш
Болашаққа жаңа жоспар құрып, маңызды шаруалар туралы ойлағаныңыз дұрыс. Алайда бұл жоспарларыңыз туралы ешкімге тіс жармаңыз. Жақын адамдарыңыздың өзі сізді ойларыңыздан айнытып тастауы мүмкін. Жоспарларыңыз орындалсын десеңіз, ешкімге сыр алдырмаңыз.

Балықтар
Таңертеңмен кикілжің туындайды. Сіздің жан-дүниеңізді ешкім түсінбейтінде көрінеді. Бірақ ішкі ойыңыз барлығы жақсы болатынына сенеді. Ойлағаныңыздай, барлық жұмысыңыз алға басып, мәселелер өз шешімін табады. Жаңа бастамаларды қолға алуға асықпаңыз.

kyzylorda-news.kz

25 сәуір 2019 ж. 604 0