Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Салқын тигізіп, аздап сырқаттанып қалуыңыз мүмкін. Аурудың алдын алып, денсаулығыңызды күтіңіз. Қаражатыңызды босқа шашып, үй шаруасымен-ақ шаршайсыз. Ішімдікке әуес болмаңыз.

Торпақ
Жұмысқа қатысты ұсыныс түсуі мүмкін. Қабыл алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Себебі бұл ұсыныс сізге пайда әкелмейді. Барлығы жақсы деп ойлағаныңызбен, әріптестеріңізбен немесе басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Абай болыңыз.  

Егіздер
Түске дейінгі уақытта денсаулығыңызға абай болыңыз. Сонымен қатар күрделі мәселелер орын алуы мүмкін. Үйде аздаған ұсақ-түйек тірліктер шығып, материалдық жағдайыңыз жақсара түспек. Балаларыңызға көп көңіл бөліңіз.

Шаян
Бүгін жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныстар түседі. Пайдасы жоқ жұмыстарға босқа уақыт шығындамаңыз. Балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Жақындарыңызбен ара-қатынаста сабырлы болыңыз.

Арыстан
Өте керемет күн деп айту қиын. Кейбір адамдар сізге жағымсыз көзқараспен қарауы мүмкін. Жаныңыздағы адамдармен байланысты аздап шектегеніңіз дұрыс. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Бикеш
Алыс жолға шықпаңыз. Денсаулығыңызға мән беріңіз. Түстен кейін көңіл-күйіңіз түсіп, аздап шаршайсыз. Үй ішіндегі шаруалардан да шаршап, қаржылық жағдайыңыз қиындай түседі.

Таразы
Бүгін белсенділігіңіз тым төмен. Жаңа идеяларды ішке бүгіп, сыртқа сыр алдырмауға тырысасыз. Көңіл көтеруге де құлықыңыз жоқ. Өзіңізді іштей жегідей жеп отырғаныңыз жарамас.

Сарышаян
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.
 
Мерген
Жұмысыңызды жоспарлап, оны орындауға деген күш-жігеріңізді бақылап отырсаңыз біраз олқылықтардың алдын алып отырасыз. Бүгінгі күн жол сапарға шығуға қолайлы сәт емес.

Тауешкі
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзге адамдармен араңызда мәселелер туындауы мүмкін. Достарыңызбен де ағдай мәз емес. Эмоцияға берілмегеніңіз жөн. Ішімдіктен бойды аулақ ұстап, еттен жасалған тағамдарды тұтынбаңыз.

Суқұйғыш
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбей, сізге «өзіне тым сенімді» деп баға беруі мүмкін. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.

Балықтар
Жұмысыңызға қатысты, мамандар мен құрал-жабдықтарға байланысты мәселелерді шешесіз. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз басшылықтың айтқанына қарсы шықпағаныңыз жөн. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

kyzylorda-news.kz
06 наурыз 2019 ж. 795 0