Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақ туын жамылған Дональд Трамп

Қазақ туын жамылған Дональд Трамп

Әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың қазақтың көк байрағын жамылған фотосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Ғаламтор қолданушыларының сөзінше, бұл сурет Лондондағы мадам Тюссо атындағы мұражайдағы АҚШ-тың 45-ші президентінің қуыршақ кейіпі.
Жартылай әзілді фотоны көпшілік «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка басшысымен кездесуіне байланысты арнайы түсірілген» деген болжам айтуда.
Алайда көк туды жамылған Трамптың фотосы жергілікті жұртқа майдай жақты. Барлығы бір ауыздан «Қуыршақ па, әзіл ме шаруамыз жоқ. Алпауыт ел президентінің байрағымызды жамылып тұруы - өзіміз үшін үлкен абырой!» деп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта АҚШ-та іс сапармен жүр. Ол Ақ үй басшысы және америкалық кәсіпкерлермен және АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен кездесті.
17 қаңтар 2018 ж. 3 291 0