Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Франция президенті Назарбаевпен кездескісі келетінін айтты

Франция президенті Назарбаевпен кездескісі келетінін айтты


Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескісі келетінін мәлімдеді.

ҚР СІМ мәліметінше, Елисей сарайында Қазақстан елшісі Жан Ғалиев Француз Республикасының президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды.
Әңгімелесу барысында елші Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың француз көшбасшысын Астанаға сапармен келуге шақырғанын растады.
Президент Э.Макрон әлемдік және өңірлік мәні бар өзекті мәселелерді шешудегі Қазақстан рөлінің артып жатқанын жоғары бағалады. Ол Астанада сирияаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын жеке атап өтті.
Әңгіме соңында  Макрон президент Назарбаевқа сәлем жолдап, жақын уақытта Қазақстан басшысымен кездескісі келетінін жеткізді.
http://stan.kz/
21 желтоқсан 2017 ж. 1 239 0