Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп: Біз Қазақстанда жақсы, егеменді және өркендеуге бағытталған болашақ болғанын қалаймыз.

Трамп: Біз Қазақстанда жақсы, егеменді және өркендеуге бағытталған болашақ болғанын қалаймыз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Дональд Трамп көршілерін құрметтейтін және өз тағдырын бақылауда ұстайтын Қазақстан сияқты елдермен АҚШ ынтымақтастықты нығайта беретінін айтты.
"Қазақстан 2050 жылға қарай жаһандық экономиканың алғашқы отыздығына кіруді жоспарлап отырғанын президенттің өзі айтып бергеніне ризамын. Ол Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту үшін де жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай Америка компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып, жаңа жұмыс орындарын ашады", – деді АҚШ президенті.Соңында Дональд Трамп Қазақстанды дамыту мен өркендету ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін тағы да атап өтті.
"Мен Сіздің керемет басшылығыңыздың арқасында Қазақстан халқы қол жеткізген зор жетістікті көру мүмкіндігін асыға күтемін. Біз Қазақстанда жақсы, егеменді және өркендеуге бағытталған болашақ болғанын қалаймыз. Дәл осыны әлемнің барлық бейбітсүйгіш халықтарына да тілейміз", – деді Дональд Трамп.
17 қаңтар 2018 ж. 1 309 0