Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Toyota Camry 70 қашан келеді?

Toyota Camry 70 қашан келеді?

Toyota Camry-дің жаңа буыны ТМД елдеріне 2018 жылдың соңына дейін келеді деп хабарлайды Kolesa сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Су жаңа XV70 көлігінің бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. Бір анығы, бұл жолғы жаңа буын да алдыңғы улгілер сияқты Санкт-Петербург қаласындағы Toyota зауытында құрастырылады.
Желіде жаңа үлгінің суреттері жарияланды. Оның америкалық нұсқадан көзге көрінетін айырмашылығы жоқ деп сендіруде.
Кей деректер бойынша жаңа үлгідегі Toyota-ны Алматы көшелерінен көрген де бар екен. Алайда компания өкілдері бұл туралы пікір білдіруден бас тартып отыр.
16 қаңтар 2018 ж. 1 503 0