Қайрат Түнтековтың жеке концерті өтеді
Қайрат Түнтеков "Алматы-Аренада" жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Today.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
Әнші жеке концертін наурыз айында береді. Концерттен кейін Түнтеков халықаралық байқауға аттанбақ ниетте.
"Бәрінің жоғары деңгейде өткенін қалаймын. Жанды дауыс қана емес, дыбыс пен жарық та жоғары деңгейде үйлесім табады деп үміттенемін", - деді Қайрат.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Түнтеков 2013 жылы Toyota Camry 40 автокөлігін тізгіндеп келе жатып Toyota Land Cruiser 100 көлігін соққан болатын. Көлік ішіндегі қыз миы шайқалып, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайрат Түнтеков 40 күн абақтыға жабылып, жәбірленушінің шығынын төледі. Содан бері үлкен сахналардан көрінбей кеткен әнші араға төрт жыл салып өнерге қайта оралды.
Әнші төрт жыл бойы спортпен шұғылданғанын айтты.
Жақында ол "Im A Singer Kazakhstan" мега шоуында жеңіске жетті.