Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Атырау қаласында оюмен безендірілген шырша құрылды

Атырау қаласында оюмен безендірілген шырша құрылды


Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов кезекті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, Ол әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған Исатай-Махамбет алаңындағы шырша туралы да пікірін білдірді.

Бұл туралы “Мой город” басылымы жазды.
“Біздің қала халқы үшін шырша тұрғызбауымызға және қаланы безендірмеуімізге де болатын еді. Бірақ, Астана, Алматы сияқты қалалардағы әдемі безендірілген шыршалар мен көшелерді көргенде тамсанамыз. Менің ойымша, “қала” деген атағына лайық болуы үшін безендірілуі керек”, -деді қала әкімі.
Әлеуметтік желіде мемлекеттің қаржысына шыршаның орынына кедейлерге көмектесу керек деген пікір білдірушілер саны көп.
“Егер, біз жаңа жылдық шырша орнатпай, түрлі безендірулер жасамасақ, адамдар тағы да ренжитін еді”, -деді әкім Серік Шапкенов.
Айта кетейік, биыл Атырау қаласын жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 89 млн теңге бөлінді. Өткен жылы 59 млн теңге жұмсалған еді.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 348 0