Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Израиль тұрғындары Lego конструкторынан ең биік мұнара құрастырды

Израиль тұрғындары Lego конструкторынан ең биік мұнара құрастырды


Израильде мыңдаған адам 8 жасар баланың рухына арнап Lego конструкторынан биік мұнара құрастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Израильдың астанасы Тель-Авив қаласында жергілікті тұрғындар бірігіп балалардың Lego конструкторынан биіктігі 36 метрге жететін мұнара құрастырды. Бұл 12 қабатты үйдің биіктігімен пара-пар. Аталған мұнара 500 мың детальдан құралды.
Осылайша Тель-Авив тұрғындары германиялықтардың рекордын жаңартты. Кейінгілері биіктігі 35,47 метр болатын мұнара тұрғызған болатын.
Мұнараны тұрғызуға мыңдаған жергілікті тұрғын атсалысты. Олар мұны 8 жастағы марқұм Омер Саядтың рухына арнап жасады. Рак ауруынан көз жұмған бала конструктор құрастырғанды жақсы көрген.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 661 0