Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жаңа туған сәби тоғызыншы аптада сөйлеп, әлемдік рекорд орнатты

Жаңа туған сәби тоғызыншы аптада сөйлеп, әлемдік рекорд орнатты


29 жастағы Ньюкасл тұрғыны Сара Маршалл дүниеге таңғажайып сүйкімді бала әкелді. Томми-Франкқа қазір үшке толды және ол ерекше қабілеттерге ие. Ол туғанына тоғыз апта болғанда алғаш рет сөйлеп, бір сөз емес, тұтас сөйлемді айтып бүкіл әлемді таңғалдырды.

Таңғажайып сәбидің ерекшеліктері туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Менің баламның алғашқы сөзі «мен сені жақсы көремін» болды. Алғашында мен ақылымнан алжырастым деп ойладым, бірақ мен оның сөйлегенін тағы бір рет естідім. Томми бұл сөйлемді есіне сақтап қалыпты. Ал, басқалары менің сөзіме сену үшін, оның сөйлегенін видеоға түсіріп алдым»,-дейді анасы.
The Sun мәлімдегендей, бала шынымен де үлкен әпкесінің айтқан сөздерін қайталай алады. Сара Томмидің нағыз данышпан бала
болып өсетініне сенеді. Ол тіпті, 9 айлығында тіл қатып, ерте сөйлеген бала ретінде әлемдік рекорд орнатты.
«Мен бұл жетістіктің әлемдік рекордтар кітабында ресми түрде тіркелмейтінін білемін. Бірақ, менің ұлымның болашағы әлі алда»,-дейді Сара Маршалл.

Источник: Stan.kz
26 шілде 2018 ж. 1 879 0