Трамп FIFA президентін БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне ұсынғысы келеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының келесі Бас хатшысы қызметіне Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиноның кандидатурасын қолдағысы келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.New York Post басылымының мәліметінше, Трамп пен Инфантино 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өткен футболдан әлем чемпионаты кезінде жақын араласқан. FIFA басшысы америкалық көшбасшымен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылып, өткен жылдың желтоқсанында оған Халықаралық футбол федерациясының Бейбітшілік сыйлығын табыстаған.
Дереккөздер Трамптың Инфантиноны «адамдарды біріктіре алатын ерекше қабілеті бар тұлға» деп бағалайтынын айтты.
Алайда Трамп бұл бастаманы Инфантиномен талқылады ма, сондай-ақ FIFA президентінің БҰҰ Бас хатшысы қызметіне қызығушылық танытып отырғаны белгісіз. Сәуір айында Инфантино 2027 жылы FIFA президенті қызметіне қайта сайлануға ниетті екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Антониу Гутерриштің өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Бұған дейін FIFA Испания құрамасының әлем чемпионатының кубогімен түскен ресми фотосын жариялаған кезде кадрдан АҚШ президенті Дональд Трампты алып тастағаны туралы жазған болатынбыз.
Фото: Report










