Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КХДР баллистикалық зымыран ұшырды

КХДР баллистикалық зымыран ұшырды

Жапония жағалау күзеті КХДР-дың баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның бақылаушы кемелері сол өңірде тұратын тұрғындарды зымыран бөлшектерін байқаған жағдайда оған жақындамай, бірден билік өкілдеріне хабарласуға шақырды. Сондай-ақ күзет зымыран құлап үлгерді деген болжам жасады.

- Бүгін шамамен 14:55 шамасында Пхеньян аумағынан Жапон теңізіне қарай, болжам бойынша, орташа қашықтыққа жететін бір баллистикалық зымыран ұшырылды, - деп мәлім етті Корея Республикасы Қарулы күштері Штаб басшылары комитеті.

Агенттіктің сөзінше, бұл санатқа 3 мыңнан 5,5 мың шақырымға дейін ұшатын зымырандар жатады.

Корея Республикасының Қорғаныс министрі Син Вон Сик бұған дейін КХДР қаңтарда орташа қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Баллистикалық зымырандар Пхеньяннан ұшырылған жағдайда Америка базасы орналасқан Гуамаға дейін жетуі ықтимал

Фото Егемен Қазақстан
14 қаңтар 2024 ж. 348 1

Kermit от 29 сәуір 2024 00:00
Hey Looking to improve your posture and live a healthier life? Our Medico Postura™ Body Posture Corrector is here to help! Experience instant posture improvement with Medico Postura™. This easy-to-use device can be worn anywhere, anytime – at home, work, or even while you sleep. Made from lightweight, breathable fabric, it ensures comfort all day long. Grab it today at a fantastic 60% OFF: https://medicopostura.com Plus, enjoy FREE shipping for today only! Don't miss out on this amazing deal. Get yours now and start transforming your posture! All the best, Kermit