Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Жұма күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараты бар ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жұма, 21 желтоқсан күні сағат 6.20-да (мәскеу уақытымен 03 сағат 20 минут) Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан) Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіндегі ғарыш аппараты бар ауыр санаттағы «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды», - делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Протон-М» зымыран тасығышының басты бөлігінің үшінші сатыдан ажырауы штаттық режімде өтті.
Ғарыш аппаратын «Бриз-М» үдеткіш блогымен орбитаға шығару процесі бірнеше сағатқа созылады.

kyzylorda-news.kz

21 желтоқсан 2018 ж. 960 0