Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » БАС ҚАЛА КӨРКІН АЙШЫҚТАЙ ТҮСКЕН

БАС ҚАЛА КӨРКІН АЙШЫҚТАЙ ТҮСКЕН


Астана қаласының 20 жылдығына орай республика аймақтары бас қалаға тарту жасаған болатын. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Сыр өңірі де ерекше сыйлық жасап, зымыран-ғарыш техникасы музейі экспозициясын тұрғызды. Бүгінде бұл жер елорда тұрғындары мен қонақтарының қызыға тамашалайтын орнына айналған.
Негізі, Тұран даңғылы бойындағы «ҚазҒарышСапары» АҚ Ұлттық ғарыш орталығы аумағындағы 1,4 гектар жер учаскесінде орналасқан зымыран-ғарыш музейі Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Союз, Протон, Зенит» зымыран тасығыштары мен «Буран орбитаралық» кешенінің макетінен құралған. Алыстан көз тартатын Сыр тартуының өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, елімізде аспан әлемі аймақ төңірегіндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар арқылы зерттеледі. Сондықтан зымырандардың макеті жасарып, жаңарған Астана көркін айшықтай түскен. Олардың жанында ғарыш зымырандары жөнінде мәліметтер мен техникасы туралы сипаттамалар бар. Мұның аумағы толықтай абаттандырылған. Алғашқы астананың бүгінгі бас қалаға жасаған сыйдың құны 1,5 млрд. теңгені қамтиды.

Е.БЕРКІНБАЕВ
18 қыркүйек 2018 ж. 1 216 0