Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жапония әлемдегі ең кішкентай зымыран тасығышты ұшырды

Жапония әлемдегі ең кішкентай зымыран тасығышты ұшырды


Жапонияның JAXA ғарыш агенттігі бүгін әлемдегі қатты отынмен қозғалатын ең кішкентай SS-520-5 зымыран тасығышты ұшырды. Агенттіктің сайтынан оның ұшу барысын тікелей эфирде көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен сағат 14.03-те Жапонияның оңтүстік-батысындағы Когосима ауданында орналасқан Утиноура космодромынан әлемдегі ең кішкентай зымыран тасығыш ұшырылды.
Ракета орбитаға салмағы үш килограмм болатын геологтық барлау және байланыстың сараптамалық спутнигін шығару керек. Ол Токио университетінде Жердің үстіңгі қабатын түсіру үшін әзірленді.
Зымыран тасығыштың салмағы – 2,6 тонна, диаметрі – 52 сантиметрге дейін және ұзындығы 9,5 метрден аспайды.
2017 жылдың 15 қаңтарында осы зымыран тасығыштың алдыңғы моделі SS-520-4 ұшырылған болатын. Бірақ сынақ сәтсіз болды. Ол ұшқаннан кейін 20 секунд өткен соң ракетаның телеметриясын бермеді. Содан мамандар ракетаның екінші сатысындағы қозғалтқышын қосу туралы сигналды қоспады. Сондықтан бірінші сатысындағы қозғалтқыш өшіп, зымыран тасығыш мұхитқа құлады.
https://baq.kz/kk

03 ақпан 2018 ж. 2 466 0