Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Анкарада Желтоқсан құрбандары еске алынды

Анкарада Желтоқсан құрбандары еске алынды

Түркияда білім алушы жастарымыз Қазақ елінің азаттығы жолында бастарын бәйгеге тіккен «Желтоқсан құрбандарын» еске алды.

«Азаттық дастаны» атты әдеби-сазды қойылымды Анкара тұрғындары мен отандастарымыз тамашалады.

Іс-шара барысында өрімдей қыз-жігіттердің өмірін қиған желтоқсан ызғары жайлы деректер мен дәйектер айтылды. 16 мен 23 жас аралығындағы жанкешті жастардың толқынысы алаңда қалай басылып-жанышталғаны театрландырылған қойылым арқылы жеткізілді. Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың рухына Құран бағышталды. Айта кетейік, еске алу кешін Анкарадағы қазақстандық студенттердің бірлестігі ұйымдастырды.

Бекзат Бекболат, студент: - Тәуелсіздік күніне арнайы «Азаттық дастаны» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Осындағы қазақ студенттерді, түрік достарымызды, барша шетелдік студенттерді шақырып, Қазақ елінің азаттық жолындағы күресін, тарихын және бүгінгі хал-ахуалын көрсетіп шықтық.


18 желтоқсан 2023 ж. 663 0