Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Лондонда ескі көліктер қаланың шеткі аумағында жүргені үшін де лас ауа салығын төлемек

Лондонда ескі көліктер қаланың шеткі аумағында жүргені үшін де лас ауа салығын төлемек

Лондонда ескі көлік жүргізушілері қала орталығына кіру үшін салық төлеулері керек. 2019 жылы енгізілген ереже нәтиже беріп, қоршаған орта айтарлықтай тазарды. Енді шаһар басшысы Садик Хан лас ауа салығын шеткі аймақтарға да енгізгісі келіп отыр. Яғни экологияны ластайтын көліктер қала шетінде жүрсе де ақша төлеуге міндетті. Бұл бастама кейбір тұрғындардың, тіпті үкімет басшысының да наразылығын туғызды, дейді ҚазАқпарат.

Орталық аудандарға кіру үшін жанармаймен немесе дизель отынымен жүретін ескі жеңіл көлік иелері, мотоцикл тізгіндегендер мұнда кіргені үшін күніне 12 жарым стерлинг фунтын, яғни 7 мың теңгедей төлеуі тиіс. Ауыр көліктер мен автобустар одан да көп шығындалады. Бұдан бөлек кептелісті азайту үшін алынатын 15 фунт, яғни 9 мың теңге тағы талап етіледі. Сондықтан жүргізушілер бұл көшелерді сырт айналып өтуге тырысады.

Осыдан төрт жыл бұрын енгізілген ереже оң нәтиже бере бастады. Соңғы зерттеулерге сүйенсек атмосфераға азот оксидтерінің шығарындылары 46%-ға азайып, шаһар орталығының экологиясы жақсарған. Лондон императорлық колледжінің тәуелсіз сараптамасына сәйкес ауаны ластайтын көліктер 60%-ға кеміген.

«Жыл сайын 4 000 мыңнан астам қала тұрғыны лас ауадан ерте қайтыс болып жатыр. Көзге көрінбейтін зиянды шығарындылардан ересектер мен балалар тыныс алу, жүрек, обыр, деменция ауруларына ұшырауда. Жаңа бастаманың берері мол екендігі ғылыми дәлеленді», дейді Лондон қаласының мэрі Садик Хан.

Мэрияның мәліметінше, орталықтан тысқары тұратын 5 миллион адам әлі де экологияның зардабын тартып жатыр. Сондықтан қала басшысы тамыздан бастап, тозығы жеткен көлікпен Лондонда жүретіндердің барлығына салық салмақ. Экологиялық талаптарға жауап бермейтін 200 мыңдай көлік иесі наразылық білдіріп, көшеге шықты.

«Мэрия ойына келгенін істеп жатыр. Олар халыққа құлақ аспайды. Қалтамыз көтермейтін салықтармен тұншықтырғысы келеді. Мұны тоқтату керек. Бәрінен бұрын бизнес зардап шегеді. Ал Еуро-7 стандарттарына сай көлік алу үшін 2 жыл күту керек», дейді ереуілшілердің бірі.

Көшеге шыққандардың тағы бірінің пікірінш: «Қала басшысы көшедегі камералар сатып алуға бөлінген 350 млн-нан астам фунтты электр энергиясымен жүретін қоғамдық көлікке жұмсасын. Экологиясы нашар аудандарды дәл анықтап, ауасын нысаналы түрде тазартсын. Бұл бастама ең алдымен қоғамдағы кедей топтардың қалтасын қаққалы тұр».

Лондонның 11 ауданының басшысы қала мэрінің шешіміне алаңдаушылық білдірді. Көпшілігі өмір сүру құны қымбаттаған тұста бастаманы кейінге қалдыра тұруды ұсынды. Үкімет басшысы Премьер-министр Риши Сунак та наразы. Бірақ оппозициялық лейбористер партиясының белсенді мүшесі Садик Ханның шешімін ол тек сот арқылы ғана тоқтата алады.

«Лондондағы көлік мәселесіне лейборист жауапты. Оның бұл бастамасын оппозиция басшысы Кир Стармердің қолдайтыны өкінішті. Қала мэрі халық пен кәсіпкерлердің жанайқайын тыңдағысы келмей отыр. Ол өз шешімін қайта қарауы керек», дейді Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак.

Ұлыбританияда осыдан 70 жылға жуық уақыт бұрын Таза ауа туралы заң қабылданды. Үкімет көмір жағуға тыйым салып, экологияның тазаруына ықпал етті. Өйткені ауаны ластайтын қою түтіннен 5 күннің ішінде 13 мың адамның қайтыс болғаны бар. Ол кезде билік халықтың жылыту жүйелерінің жаңартылуына қол ұшын созды.
16 ақпан 2023 ж. 458 0