Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі белгілі болды

2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі белгілі болды

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік иелері үшін көлік салығын төлеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz порталының «Электрондық қызметтер» бөлімінде салық берешегінің болмауы (болуы) туралы ақпаратты көруге болады және E-SalyqAzamat мобильді қосымшасында (AppStore және PlayMarket жүктеу) да мұндай қызмет түрі бар.

Ал жеке тұлғалар 2020 жылға көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі тиіс. «Сіз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде орналастырылған «Калькулятор» қызметін және E-SalyqAzamat қызметін пайдаланып көлік салығын есептей аласыз», - деп атап өтеді ведомстводан.
07 ақпан 2021 ж. 1 023 0