Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сирияда екі тәулік үйіндіге көмілген отбасы құтқарылды

Сирияда екі тәулік үйіндіге көмілген отбасы құтқарылды

Сириядағы Бисине қаласында құтқарушылар екі тәуліктен аса үйінділер астында болған отбасыны аман алып шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кішкентай қыз бен баланың және әкесінің құтқарылған сәтін көрген жұрттың қуанышында шек болмады. Мамандардың айтуынша, зілзаладан кейін алғашқы 24 сағат адамдарды құтқару үшін өте маңызды! Ал екі тәулік өткеннен кейін аман қалу мүмкіндігі күрт азаяды. Соңғы мәлімет бойынша Сирияда зілзаладан екі жарым мыңнан астам адам қаза тапты. Алайда деректер, әлі де өзгеруі мүмкін. Өйткені онсызда азамат соғысынан көз ашпаған, бұл елге жер сілкінісі жығылғанға жұдырық болды. Экономика қатты құлдырады. Арнайы техника жетіспегендіктен үйінділерді аршу жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр.
08 ақпан 2023 ж. 734 0