Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Хабар 24» арнасына 6 жыл толды

«Хабар 24» арнасына 6 жыл толды

Â«Ð¥Ð°Ð±Ð°Ñ 24» аÑнаÑÑна 6 жÑл ÑолдÑТәулік бойы хабар тарататын еліміздің тұңғыш әрі жалғыз арнасы осы азғантай уақытта өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Осыдан 6 жыл бұрын қазақ телевизиясы тарихында ерекше арна дүниеге келді. Өйткені елімізде осы уақытқа дейін тәулік бойы ақпарат тарататын арна болған емес. Ал оны жасақтау оңайға соққан жоқ. Алайда жас ұжым талмады. Тынбады. Еңбектенді. Барын салды. Бүгінде «Хабар 24» өзіндік көрермені қалыптасқан арнаның біріне айналды.  «Хабар 24» ақпарат таратып қана қоймайды. Мұнда саясат, экономика, спорт секілді түрлі саладағы бағдарламалар эфирден өтеді. Көрерменге 100% отандық туынды ұсынады. «Хабар 24-тің» техникалық әлеуеті зор. Тіпті, студиядағы операторлар жұмысын роботтар қолға алған. 

24.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 928 0