Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Вьетнамда тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 13 адам қаза тапты

Вьетнамда тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 13 адам қаза тапты


Хошимин каласында Carina Plaza көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Полиция қызметкерлері барлық қабат пен пәтерлерді аралап, іштегі тұрғындарды сыртқа шығарды. Жүзден астам адам құтқарылса, 14 адам зардап шекті және 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі VnExpress сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғын үй кешеніндегі адамдар жан-жаққа қашу арқылы өздерін ажалдан арашаламақ болған. Бір әйел 19 қабаттағы терезеден секіріп, қаза тапты. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтауда. Оқиға орнында кем дегенде бес техника бірлігі тұр.
Алдын ала болжам бойынша, түн ортасында тұрғын үй кешенінің автотұрақ орналасқан жертөлесінен өрт шыққан. Куәгерлердің айтуынша, өрт шықпас бұрын жарылыс дыбысы естілген.

23 наурыз 2018 ж. 1 297 0