Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АҚШ-та Қысқы Универсиада басталды

АҚШ-та Қысқы Универсиада басталды

АҚШ-та отыз бірінші Универсиада ойындары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс шымылдығын хоккейшілер ашты. Дүниежүзілік додаға қазақстандық студенттер қатысады. Еліміздің намысын спорттың 10 түрі бойынша 78 спортшы қорғайды. Бүгін ел құрамасы алғашқы кездесуін Оңтүстік Кореямен өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері ойынның алтыншы минутында есеп ашты. Нұрлан Алдияр ерекшеленді. Екінші кезеңнің басында оңтүстік кореялықтар есе қайтарып, ойын көрігін қыздыра түскендей болған. Бірақ қазақстандықтар сол қателіктен кейін қарсылас қақпасына бірден 4 шайба тоғытты. Айта кетерлігі, қысқы Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады. Толық ақпаратты кешкі жаңалықтардан АҚШ-та жүрген тілшіміз Жандос Айтбайұлы жеткізеді.

Фото: Instagram/lakeplacid2023
13 қаңтар 2023 ж. 854 0