Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилияда президенттік сайлау жеңімпазы анықталды

Бразилияда президенттік сайлау жеңімпазы анықталды

Бразилияда өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңі Луис Инасио Лула да Силваның жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды  «Хабар 24».


Елдің сайлау комитеті келтірген мәлімет бойынша ол 50 проценттен аса  дауыс жинаған. Ал оның саяси додадағы басты қарсыласы әрі елдің қазіргі президенті Жаир Болсонару  49,2 процент дауыспен артта қалды.  Осылайша 77 жастағы Лула да Силва Бразилия тарихында үшінші президенттік сайлауда жеңіске қол жеткізілп отыр.  Үкімет басында ол 2003-2010 жылдары билік еткен.

Луис Инасио Лула Да Сильва, Бразилия президенттігіне үміткер:

- Мен Бразилия саясатының қалпына келу процесін бастан өткізген үміткермін. Елді қиын кезеңнен алып шығу үшін қайта билікке келіп отырмын. Бейбіт өмірді,  демократияны,  халықтың жағдайын тұрақтандыру үшін бар күшімді саламын. Бұл менің немесе партияның жеңісі емес. Бұл үлкен демократиялық қозғалыстың жеңісі.
31 қазан 2022 ж. 471 0