Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірден озды

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірден озды

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Шотландиядағы Балморал қамалында қайтыс болды. Патшайым 96 жаста еді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Суыт хабарды Букингем сарайы растады.

«Патша мен патшайым консорты бүгін кешке Балморалда қалып, ертең Лондонға оралады», делінген ресми хабарламада.

Елизавета II Шотландиядағы Балморал қамалында болған.

Бұған дейін дәрігерлер Британдық патшайымның денсаулығына алаңдаушылық білдірген еді. Оған дәрігерлердің бақылауында болуға кеңес берілді.

Елизавета II 1926 жылы Йорк герцогы мен герцогинясының отбасында дүниеге келген. 

Патшайым елді 1952 жылдың ақпанынан бастап 70 жыл бойы басқарған. Оның билігі кезінде елде 15 премьер-министр ауысты.
09 қыркүйек 2022 ж. 920 0