Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

Белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды, – baq.kz.

Белгілі тележүргізуші соңғы бір жыл көлемінде денсаулығы сыр беріп ауырып жүргенін әріптестері айтқан еді. Бүгін осындай суыт хабар тарады. 
Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Бейсен Құранбек - 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. "Рахат", "31 арна", "Хабар" арналарында, президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
Ұлттық арнадағы "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларының жүргізушісі болған. Соңғы жылдары "Жетісу" телеарнасының директоры қызметін атқарды.
18 мамыр 2020 ж. 800 0