Тбилиси университетінде Абай атындағы оқу бөлмесі ашылды
Кемеңгер ақынымыздың мерейтойына орай Грузияда бірқатар салтанатты шара өтіп, грузин тілінде Абай шығармаларының жинағы басып шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ Тбилисиде Абайдың есімімен аталған көше ашылады. Оқу бөлмесін ашу шарасына Грузиядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері мен университет ұстаздары қатысты.
Бауыржан Мұхамеджанов, Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
– Біз кейде тарихымызға қайта үңіліп, белгісіз болған тұстарын аша бастаймыз. Бүгін грузиялық достарымызға мәдениетіміздің рухани қырын, қазақ сөзінің тереңдігін көрсеткіміз келді. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл дегендей, грузиялық достарымыз бауырлас қазақ халқының мәдениетін білсе, одан тек пайда көреді.
Зураб Хонелидзе, Сухум мемлекеттік университетінің ректоры:
– Сухум университетінде қазақ жерінің бір бөлігі пайда болды. Қазақстан – еліміздің серіктесі. Әлемдегі барлық халықтар секілді, қазақтардың да, грузиндердің де өз мүдделері бар. Бүгінгі күн - тарихқа құрмет көрсетумен қатар, болашақ қатынастарымыздың айқын белгісі болды.