Абай арқылы әлемге танылдық
«Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы» деп Зәки Ахметов айтқандай, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жыл «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл» деп жарияланды. Бұл бастаманы барша қазақ халқы қуана құптады.
Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жария етіп, бұл жылдың маңыздылығын көрсетті. Дана Абайдың 175 жылдығын дүркіретіп тойлап емес, рухани азық жылы ретінде атап өтуді ұсынды. Сондықтан барлық ісімізді Абай өнегесімен бастайтын болсақ, жұмысымз алаға басатыны анық. Себебі Елбасы айтқандай «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі...»
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге таныттық. Абай біздің әрқашан ұлттық ұранымыз болуға тиіс.
Біздің Сырдария ауданы Ақжарма ауылындағы №130 мектеп білім қарашаңырағы Абай есімімен аталатынына қуаныштымыз. Осы орайда мектебімізде «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына» байланысты үлкен іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып өтілуде. Мектебіміздің әрбір сабағында, әрбір шарасында оқушы «Абай үні, Абай лебі, Абай тынысын» сезіне білу мақсатында өткізілуде. Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне бергей!
Мейрамкүл ДАНЫШПАНОВА,
№130 Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі