ҰСТАЗ МЕРЕЙІН ТАСЫТҚАН САЯХАТ
Ұстаздық ету мен үшін жүрек қалауым, бақыттың ең үлкені. Қазір осы салада 30 жылға жуық уақыт еңбек етіп келемін. Осы уақыт ішінде мектеп табалдырығын имене аттаған талай бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың алғашқы ұстазы атандым. Мектеп партасына алғаш отырған оқушылардың қуаныштан бал-бұл жанған жүздерін көріп, «Әліппені» қолдарына ұстаған кездерін көріп, балалармен бірге қуандым. Міне, уақыттың бір орында тұрмай зымырайтынына, осымен бесінші рет бір мектептен бастауыш сынып түлектерін ұшырғалы отырғандығым куә. Барлық түлектерімнің жоғары сыныпқа барғаннан кейінгі сабақ үлгірімдеріне алаңдап отыру, әріптестеріммен бірге қызығушылықтары туралы айту, пікірлесу менің күнделікті әдетім десем артық айтқандық болмас. Ал, оқушыларымның бірі жетістіктерге жетсе, төбем көкке жетеді. Әсіресе, мектеп түлектерінің ҰБТ тапсыру сәтінде елеңдемейтін мұғалім жоқ шығар, сірә. Осындай жауапты кезеңнен үздік нәтижемен өткен оқушыларым Әсел Зетова 2009 жылғы түлек және Еңлік Амануллаева 2017 жылғы түлектер мектептің ғана емес, ауданның мақтаныштары. Әсел мен Еңлік мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, қалаған оқу орындарына оқуға түсті. Қос шәкіртімнің арқасында мен де алғашқы ұстаз ретінде осымен екінші рет сый-құрметке бөлендім.
Мұғалімнің жанашыры, қамқоршысы қашанда кәсіподақ ұйымы ғой. Осы орайда, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитетінің төрайымы Райкүл Мансурқызы Байназарованың ұйымдастыруымен, 2016-2017 оқу жылындағы «Алтын белгі» иегерлерінің бастауыш сыныпта оқытқан мұғалімдерін, еліміздің бас қаласы Астанаға саяхатқа апару мүмкіндігін жасап, Жаңа жыл қарсаңында ауданнан 6 (Сейтасқарова Роза-№37мектеп, Жусупова Тынымкул -№44, Айтмухамедова Кулшар-№42, Ерболатова Айшат-№129, Байзақова Құндызай-№135, Райымқұл Дариха-№35) мұғалім, облыстан 100-ге жуық әріптестеріммен бірге екі күн бойы әсем қалаға барып қайттық.
«Ақмола турист» туристік фирмасының өкілдері біздерді күтіп алып, «Турист» қонақ үйіне орналастырды. Керемет жағдайымызды жасап, аяқ-қолымызды жерге тигізбей бас қаламыз-Астананың көрікті жерлеріне апарды. Сапар барысында жолбасшымыз Астананың тарихын айтып, ерекшеліктерін, қаланың сәулетін арттырып отырған әсем ғимараттар жайлы мәліметтер берді. Алғаш табан тіреген ғимаратымыз Елбасы кітапханасы болды. Ғимараттың сырт келбеті аспанға, яғни ұшар биікке ұмтылған көз жанары тәріздес. Кітапхананың құрылымына еріксіз тамсанасыз. Астана қаласының мақтанышына айналған кешен атақты сәулетші Норман Форесттің жасаған жобасымен салынған. Бұл нысанда Елбасының жеке мұрағаты, жеке кітапханасы, кітаптармен бірге Елбасына сыйға тартылған экспонаттар да сақталған. Бұл жерде Мемлекет басшысының қатысуымен республикалық, халықаралық жиындар өтеді.
Әрбір мұсылман баласының міндеті жердегі Алланың үйі мешітке барып, ата-баба рухына Құран бағыштау. Әзірет Сұлтан мешіті еліміздегі ең үлкен мешіт болып саналады. Барлығымыз имандылық ордасына барып, осы күнімізге тәубе етіп, Алла Тағаладан медет, Құранға қол жайып, Алладан ниетімізді қабыл етуін сұрадық!
Келесі күні табан тіреген мәдени-көпшілік орын Тұңғыш Президент мұражайы болды. Мұражайдың көру бөлмелерінде бүкіл еліміздің тарихы тұнып тұрғандай. Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекет тізгінін қолға алған жылдардан бастап, қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің жай-күйі, Елбасының барлық наградалары, бәрі-бәрі мұражайда тұр.
Елбасының бастамасымен әлемге есігін айқара ашқан «Экспо-2017» көрмесін тамашалау мен үшін ерекше естен кетпес сәт болды. «Нұр-Әлем» павильоны өз жұмысын тоқтатпай, әрбір келушіні қызықты ғажайыптарымен қарсы алуда. Болашақ энергиясын-жасыл экономикаға бағыттаған көрме мемлекетіміздің даму кезеңін, кемел келешегінен мағлұмат береді. Жаңа технология жетістіктері бәрі көз алдыңызда тұр.
Саяхатымыздың барысында ойын-сауық орындарында тамашаладық. «Бәйтерек», «Ханшатыр», «Думан», «Мега» көпшілік орындарын тамашалап, тынығып, демалдық.
Елбасының идеясымен іргетасы қаланған Елордамыз - әлемдегі ең жас әрі сұлу қала. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналуда екен.
Сыр еліне ерекше әсермен, жаңаша серпіліспен оралған біздерге осындай керемет саяхатты ұйымдастырған, демеушілік жасаған облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова мен облыстық мәслихат депутаттары Расул Есенов пен Жанарбек Нұрымбетовке айтар алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз толайым табыстарға жете берсін деген ақ тілегімді білдіремін.

Дариха Райымқұл,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, бірінші санатты мұғалім.