Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында Астана даңғылының бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жаңа жылдағы жәрмеңкеде сырдариялықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды....
Шуақты көктемде аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Балауса» халықтық би ансамблі Нұр-Сұлтан қаласына аттанған болатын. Құрамында 14 өнерпаз бар ансамбль 12-13 наурыз күндері аралығында «I'm a STAR KZ» халықаралық байқауына қатысты. Аталған байқауда бақ сынаған сырдариялық бишілер сүйінші...
Халық арасында құрт ауруы атауымен белгілі туберкулез осыдан 139 жыл бұрын пайда болды. Нақты айтқанда, 1882 жылы неміс дәрігері Роберт Кох туберкулез қоздырғышын анықтап, оны қауіпті жұқпалы ауру екенін дәлелдеді....
Бірнеше ай бұрын Қоғалыкөл ауылына барғанымызда Қамар ақсақалдың шаңырағына атбасын бұрған болатынбыз. Шежірелі қарт, дін қайраткері Құлболды ишанның 5-ші ұрпағы Қамар Рүстемов әңгімесі барысында бізге қасиетті Меккеден келген жайнамаз туралы айтып берді. Жайнамазды ақсақалдың немере қарындасы Сайда...
Әскербек ағаның жырларын баспасөз бетінен жиі оқып жүрсем де өзімен 1999 жылы Алматыдан Қызылордаға жұмыс ауыстырып келгеннен бастап араласа бастадым. Облыстың бас газеті «Сыр бойында» қызмет жасайтын ақын Әскербек Рахымбекұлы хабарласып, бір топ өлеңдерімді газет арқылы қалың оқырманға ұсынған болатын....
Құрметті аудан тұрғындары! Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген даналық сөз бар. Бұл нақыл өзіміз өмір сүріп отырған жеріміздің тазалық мәдениетіне немқұрайлы қарамау керектігін ұғындырады. Яғни, тазалықты сақтау адамның мәдениеттілігін көрсетеді. Сол себепті де тұрғындар тазалыққа әркез тиянақтылық...
Қонысбек Қазантаев сөзге өте шешен кісі еді, салмақты, шегелеп сөйлейтін. Жиындарда сөз сөйлегенде бір сөзді екінші рет қайталамайтын еді. Дауысын көтермей-ақ айтқан сөздері еттен өтіп, сүйекке жетіп жататын....