Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариялық автоволонтерлер тұрғындарға дауыс беруге көмек көрсетуде

Сырдариялық автоволонтерлер тұрғындарға дауыс беруге көмек көрсетуде

Сырдария ауданында автоволонтерлер референдум күні қарт адамдарға және сайлау учаскесінен шалғай жатқан азаматтарға ерекше қолдау көрсетіп, оларды дауыс беру учаскелеріне тегін тасымалдауда.

Жастар өз көліктерімен тұрғындарды сайлау орындарына жеткізіп, олардың азаматтық борышын орындауына мүмкіндік жасап отыр. Мұндай бастама әсіресе көлігі жоқ немесе қозғалысы шектеулі тұрғындар үшін маңызды болып саналады.

– Елге қызмет көрсету, көмектесу, елжандылық таныту – біздің басты міндетіміз. Әркез қоғамдық маңызы бар шараларда, ел болашағы үшін жасалып жатқан саяси науқандарда осындай бастамаларды жалғастырып, қоғамға өз үлесімізді қосамыз, – дейді автоволонтерлер жетекшісі Н.Сейтжан.

Бұл әрекет тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуына септігін тигізіп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің нығаюына үлес қосуда
15 наурыз 2026 ж. 52 0