Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында республикалық турнир өтуде

Сырдария ауданында республикалық турнир өтуде

Сырдария ауданында ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған қазақша күрестен республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Спорт бәсекесінің ашылу салтанатына аудан әкімі Руслан Рүстемов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Фазылбек Нәлібаев, Талғат Қозыбаевтың ата-анасы Есентай Қозыбаев пен Шынар Қозыбаева құқық қорғау саласының ардагерлері мен қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Р.Рүстемов қызмет бабында қаза тапқан батыр ұлдың есімі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
– Ерлік, батырлық, қаhармандық – бұл бір-біріне жақын егіз ұғымдар. Бейбіт күндері ерлік еңбек немесе спорт саласында жасалуы мүмкін, ал жауынгерлік ерлік кез келген кезде, кез келген уақытта жасалады. Бірақ, оны мыңның бірі ғана істейді. Бүгін жауынгерлік ерлік көрсетіп, артына өшпес іс қалдырған Талғат Қозыбаевты еске алу мақсатында жиналып отырмыз. Бейбіт күннің батыры Талғат Есентайұлы небәрі 25 жасында қандықол қылмыскердің қолынан қаза тапты. Ел тыныштығын қорғауда  ерлігі үшін Т.Қозыбаев 2004 жылдың 9 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Өзі қайтыс болған Тартоғай  елді мекенінде және өзі туып өскен О.Мәлібаев ауылындағы көшелерге Т.Қозыбаевтың есімі берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №842 қаулысымен өзі оқыған орта мектепке Талғат Қозыбаевтың есімі берілді. Антына адал болған оның ерлігі мен көрсеткен қайсарлығына тағзым етеміз. Бүгінгі жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тілеймін! Жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге шын жүректен тілектеспін, - деді аудан басшысы.
Мұнан соң облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Фазылбек Нәлібаев сөз сөйлеп, саналы ғұмырын құқық қорғау саласына Талғат Есентайұлының ерлігі мен өрлігі жас буынға әркез үлгі-өнеге екенін айтты. Сонымен бірге Талғат Қозыбаевтың әкесі Есентай Қозыбаев жарысты ұйымдастыруға зор үлес қосқан облыс және аудан әкімдігіне, облыстық полиция департаментіне зор алғысын білдірді.
Айта кету керек, республикалық турнирге 13 команда 200-ге жуық спортшы қатысуда. Турнир 8 салмақ дәрежесі бойынша өткізілуде.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

30 қараша 2019 ж. 1 008 32

John Pablobi от 14 қаңтар 2020 01:36
This is a very important post. Thanks instead of posting this. What do you think almost my website: creare site web bucuresti

Coco Diariaa от 24 қаңтар 2020 09:21
Altogether delightfully article . I couldn't accord more on the poop provided. What do you deem close to my site ? herbal sleep pillows for babies