Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » 9 жасар Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды

9 жасар Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды

9 жасар Көкшетау тұрғыны Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркияда өткен  халықаралық «Universе Beauty-2019»   әдемілік және дарындылар фестиваліне ақмолалық Сабина Қайрат және оның 5 жастағы інісі Дінмұхаммед қатысты.
Балалар өткен жылы «Бірінші Азия вице-аруы» және «Қазақстанның кішкентай мистері» атанған соң осы конкурсқа қатысуға сертификат алған еді. «Сабина сахнаға ұлттық киіммен шықты, дарындылар шоуына, сондай-ақ дизайнерлік көрсетілімдерге қатысты. Ол Көкшетаудағы  «Реверанс» клубында спорттық бал билерімен айналысады. Содан да болар, жанкүйерлерге  «Румба» және «Самба» билерін көрсетті»,-дейді бүлдіршіндердің анасы Лейла Рахимова.
5 жасар Дінмұхаммед Қайрат «Best photomodel Universy Beauty» титулының иегері атанды. Оның да биі үздік болып мойындалды.
Аналарының айтуынша, жас жеңімпаздар енді маусымда Вячеслав Зайцевтің конкурсына, ал күзде Пьер Карденге - Парижге шақырту алған.

11 мамыр 2019 ж. 865 0