ҚАЙРАТ НҰРТАС КЕЛДІ
Елімізге белгілі әнші Қайрат Нұртас емес, Сырдария ауданында Қайрат Нұртас есімді сәби өмірге келді.
Менің Қайрат деген бөлем бар. Жақында ұлды болды. Сөйтіп, бөлем үш ұл, екі қыздың əкесі атанды. Бөлемнің жанұясы жаңа туған сəбидің есімін Нұртас деп қойды. Белгілі әншіге ұқсасын деген ниетпен нəрестенің аты-жөні Қайрат Нұртас болды. Көптеген «хит» әндерді орындайтын әншінің есімі Қайрат болса, сәбидің аты Нұртас, әншінің әкесі Нұртас болса, болашақ әншінің әкесі Қайрат. Қайраттың арасында домбыра шертіп, ән шырқайтын өнері бар. «Әу» демейтін қазақ жоқ қой. Ал бөлемнің əйелінің есімі – Гүлзира. Яғни, Қайрат Нұртастың анасы – Гүлзира. Қызық және кездесе бермейтін сәйкестік. Өскенде сәби Қайрат Нұртас əнші болып жатса, анасы Гүлзира көмек көрсететіні сөзсіз.

Е.БЕРКІНБАЕВ